"Біз бұл процесті тездете түсуге тырысатын боламыз",- деді О.Жұмабеков. Ол Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде сайлаудың алдын-ала қорытындысын жария ету жөнінде "аса күрделі міндеттемені өзіне жүктеп алғанын" еске салды. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы "барлық сайлау органдарына дауыс есептеу шарасын ұзаққа созбай, шұғыл қимылдауды міндеттеді",- деді комиссия төрағасы.
Заңға сәйкес, дауыс берудің ақырғы қорытындысы сайлаудан кейін 10 күнде, яғни, 14-желтоқсанға дейін жария етілуге тиіс. "Осы мерзім аясында біз жұмысымызды мейлінше қарқындандыра түсетін боламыз",- деді О.Жұмабеков.