Орталық сайлау комиссиясы төрайымының айтуынша, бұл топтың құрамына республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті, қаржылық бақылау комитеті, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі мен салық комитетінің өкілдерін енгізу көзделген. Сондай-ақ, топ құрамына қазынашылық өкілдері де қамтылады.
З.Балиеваның хабарлауынша, топ ертеңнен бастап іске кіріседі. "Топ депутаттықтан үміткерлердің сайлау қорын, атап айтқанда, қор қаржысын қалыптастыру және жұмсау барысын, үміткерлердің декларацияларын тексереді". Топтың алғашқы баяндамасы 15-қыркүйек, сәрсенбіде жария етіледі деп күтілуде.