Орталық сайлау комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелері туралы ақпаратты нақтылауы үшін 30 анықтама бюросын ашады

Қазақстандықтар бұл бюролардан өздері тіркелген сайлау учаскелері туралы ақпаратты нақтылай алады. Сондай-ақ, сайлаушылардың бұдан басқа да қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар.

Орталық сайлау комиссиясының алғашқы анықтама бюросы 9-тамызда Астанада жұмысқа кіріседі.