Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті


Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы 88,41 пайыз, "Ақ жол" партиясы - 3,09 пайыз, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия - 4,54 пайыз, Қазақстанның Патриоттар партиясы - 0,78 пайыз, "Ауыл" партиясы - 1,51 пайыз, "Руханият" партиясы - 0,37 пайыз, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы - 1,29 пайыз дауыс жинаған.