Орталық сайлау комиссиясы партиялардың сайлау бюллетеніндегі кезігін бекітті

Жеребе нәтижесіне сәйкес, сайлау бюллетенінде "бірінші" нөмірге Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (Орталық сайлау комиссиясында тіркелген 80 адамнан құралған партиялық тізімі бар ), "екінші" нөмірге "Нұр Отан" ХДП (126 кандидат), "үшінші" нөмірге Қазақстан Патриоттар партиясы (11), "төртінші" нөмірге "Ауыл" партиясы (33), "бесінші" нөмірге "Ақжол" партиясы (98), "алтыншы" нөмірге "Руханият" партиясы (9), "жетінші" нөмірге Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы (20) ие болды.

Сөйтіп, нақтыланған мәліметтерге сәйкес, партиялық тізім бойынша мәжілістегі 98 орынға 377 үміткер, соның ішінде 321 ер адам және 56 әйел таласпақшы. Кандидаттардың орташа жасы 55 жас. 364 кандидат жоғары білім игерген.

Мамандығы бойынша: 87 - инженер; 75 - заңгер, 70 - оқытушы, 60 - экономист.

Қызмет түрі бойынша: 76 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 47 - үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаттары; 45 - мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері; 41 - ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері; 21 - орталық органдар мен министрліктердің қызметкерлері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті