Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясының тізімін бекітті

Тіркеу рәсімінен кейінгі брифингте Ғ.Қасымов партиялық тізім бойынша Қазақстанның Патриоттар партиясынан мәжіліске 7 адам түсетінін атап өтті. "Олардың барлығы да парламентке сайлануы тиіс құрметті адамдар",- деді ол.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Патриоттар партиясы бір мандатты округтер бойынша 51 өкілін додаға қатыстырмақшы. Ғ.Қасымовтың айтуынша, олардың 26-сы тіркеліп үлгерді.
Қазіргі жағдаймен тағы бір саяси бірлестік - Қазақстанның Демократиялық партиясының тізімі тіркеуден өткен жоқ.