Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан Ж.Тұяқбайдың, Қостанай және Атырау облыстарынан М.Елеусізовтың жақтастарының қолдарын жинау қорытындысы туралы хаттамалар келіп түсті.
"Әзірге Орталық сайлау комиссиясына басқа облыстардағы аталмыш үміткерлерді қолдаушылардың қолдары туралы хаттама келіп түскен жоқ. Басқа үміткерлердің жақтастарынан да хаттамалар келіп түскен жоқ",- деді В.Фоос.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы осы орайда "Сайлау туралы" заңға сәйкес президенттіктен үміткерді сайлаушылардың кем дегенде 1 проценті, соның ішінде облыстардың үштен екі бөлігінің өкілдері тең дәрежеде қолдауға тиіс екенін еске салды. Алматы мен Астаналық сайлаушылардың қолдары да міндетті түрде болуға тиіс, деді В.Фоос.