Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліске сайлау бюллетеньдерінің саны мен дауыс беру тәртібін айқындады

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, сайлау бюллетеньдерінің жалпы саны 370 дананы құрайды, оның ішінде 366 - ассамблея мүшелерінің саны бойынша, оған қоса 1 пайыз (4 дана) - резерв.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов растап өткендей, "бюллетеньдер сайлау учаскелеріне 18-тамызда жеткізіледі".

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы "дауыс беру 20-тамызда сағат 11.00-де басталып, Қазақстан халық ассамблеясының сессиясына қатысушы сайлаушылар дауыс беріп біткенге дейін өтетіндігін" бекітті.