"Тіркеу барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан 3 адам, Қазақстан Патриоттар партиясынан 2 адам өз кандидатураларын кері қайтарып алды",- деді Қ.Тұрғанқұлов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ОСК 12 шілдеде "Нұр Отан" ХДП-ның мәжіліс депутаттығына 126 үміткерден құралған партиялық тізімін, 80 адамнан тұратын Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімдерін тіркеген болатын.
Орталық сайлау комисиясына жалпы алғанда 7 саяси партияның тізімі тапсырылды, соның ішінде "Нұр Отан" ХДП (оның сьезінде 127 кандидаттың тізімі бекітілген), "Руханият" партиясы (11), "Ақжол" (114), ЖСДП (80), "Ауыл" партиясы (40), ҚХКП (23) және Патриоттар партиясы (13) бар.
Партиялық тізімдерді тіркеу 17 шілдеде аяқталады. 18-шілдеден бастап партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. ҚР парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы партиялық тізім бойынша 18-тамызда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті