"11-қазанда Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерге, сайлау процессіне қатысуышлар мен саяси партияларға арнап үндеу қабылдады. Үндеу 11 бөлімнен тұрады. Олар сайлаудың ашық, әділетті әрі адал өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған",- деді комиссия төрағасы.
"Үндеудің бір бөлімінде Қазақстан президенттігінен үміткерлердің телепікірсайысын ұйымдастыруды мемлекет өз мойнына алады деп көрсетілген",- деді ол.
"5-қарашада президенттіктен үміткер 5 адамға осы мүмкіндікті ойластыру жөнінде ұсыныс-хат жолдап , 10-қарашаға дейін жауап беруді сұрадым. Егер олар келісімін берсе, Орталық сайлау комиссиясы 11-қарашада отырыс өткізеді. Онда телепікірсайыстың регламенті қабылданады. Телепікірсайыс 17-қарашада өткізіледі деп межеленген",- деді О.Жұмабеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті