Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп халықтың сайлаушылық белсенділігін арттыруға шара ұйымдастырмақшы

"Бұл акцияның мақсаты - халықтың кең ортасында алдағы сайлау туралы ақпаратты тарату және азаматтарды сайлау учаскелеріне келуге шақыру болып табылады. Акция елдің барлық өңірлерін қамтиды",- деді төраға.

Орталық сайлау комиссиясы бүкіл қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды осы акцияға қосылуға шақырды және сайлау науқанын тиімді ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен сайлаушылардың электораттық белсенділігінің деңгейін арттыру жөніндегі нақты ұсыныстарды іске асыруда ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті