Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендеріндегі мәтінге өзгертулер енгізді

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың түсіндіруінше, жекелеген саяси партиялар электрондық бюллетенде партия атауын қысқартып емес, Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы шешіміндей толық көрсетуге ұсыныс жасады.

"Біз аталмыш мәселеде партиялардың ұсыныстарын қабылдадық",- деп мәлім етті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. "Саяси партиялардың қысқартылған атауын жазу барысында кейбір жағдайларда сайлаушыларға өздерінің таңдаған партияларының атауын оңай ажырата алуларына мүмкіндік беретін шешуші сөздер жоғалып кеткен. Атап айтқанда, мысалы, ҚПП, ҚХКП, ЖСДП және сол сияқты партиялардың қысқартылған атаулары",- деп қосты ол.

Сонымен қатар, Қуандық Тұрғанқұлов Орталық сайлау комиссиясының бұрындары қабылдаған шешімі заңға қайшы емес екендігін және "Орталық сайлау комиссиясының ресми жазбаша сұрауларына жауап ретінде партиялардың өздері ұсынған мәліметтер негізінде қабылданғандығын" атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті