Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау" электрондық жүйені пайдалану барысында дауыс берудің құпиялығының сақталуына кепілдік береді

"Сайлау" бірнеше дәрежелі қорғаудан тұрады, және де біз оны пайдаланатын сайлаушыларға оның берген дауысы міндетті түрде есепке алынатындығына және дауыс берудің құпиялылығының сақталатындығына кепілдік береміз",- деді ол Финляндияның Төтенше және өкілетті елшісі Мария-Лийнса Килуненмен кездесу барасында. "Әрине, электрондық дауыс беруге сындар да айтылып жатыр, бірақ сұрақтар бұл жүйені жақсы білетін мамандардан емес, көбісінің тіптен техникалық білімдері жоқ саясаткерлерден туындап отыр",- деп қосты Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол, "Сайлау" жүйесі 1512 учаскеде пайдаланатындығын еске сала кетті, бұл олардың жалпы санының 15 пайызын құрайды. Сонымен қатар, осы учаскелерде сайлаушыларға балама ретінде қағаз бюллетеньдер де ұсынылады.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы, қазіргі уақытта Қазақстанда 8 млн 800 мыңға жуық сайлаушы тіркелгендігін атап өтті.

Мария-Лийнса Килунен өз кезегінде, Қазақстанда "саяси партиялардың сайлау алды науқанды өткізудегі белсенділіктеріне қарамастан, үгіт-насихат кезеңі бірқалыпты өтіп жатқандығын" атап өтті. "Біз дауыс беретін күні де айқындылық пен теңдіктің қамтамасыз етілетіндігіне сенеміз",- деп қосты ол.

Сонымен қатар, бүгін Қуандық Тұрғанқұлов Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов пен Малайзияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Танфри Рахмановпен кездесу өткізді, кездесу барысында Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезекті сайлауы мен парламент мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық пен ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, осы екі сайлау да 2007 жылдың 18-тамызына белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті