"Біз сайлаушыларға сайлау тізімін түзету процессіне және оны қолданысқа дайындауға белсенділікпен қатысуға ынталандыру үшін Орталық сайлау комиссиясының үндеуін қабылдадық",- деп мәлім етті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов отырыс қорытындысын жасай келе.
"Біз сайлау комиссиясы егер әрбір сайлаушы қызығушылық танытып, сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы мәліметтерді тексеру үшін дауыс беру күніне дейін сайлау учаскесіне келген жағдайда ғана ең жоғарғы нақтылықты қамсыздандыра аламыз",- деп атап көрсетті ол.
Орталық сайлау комиссиясының үндеуінде, 2-тамыздан бастап тізімдер сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады. Әрбір азамат сәйкес сайлау учаскесіне барып, өзінің сайлаушылар тізіміне кіргендігін тексеруге құқылы. Нақты емес мәліметтер немесе тізімге кірмей қалған жағдайда азамат сәйкес сайлау комиссиясына жүгіне алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті