"Сайлау туралы" конституциялық заңның 12, 45, 46, 97 баптың 1 еркертпесі мен 98 баптарына сәйкес, 18 және 20-тамызда өткен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауында сайланған депутаттарды тіркеу туралы ұсыныс келіп түсті", - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов комиссия отырысында.
Сөйтіп, мәжіліс құрамына "Нұр Отан" партиясынан 98 адам енді, олар үшін сайлаушылардың 88% астамы дауыс берді. Тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланды.