Орталық сайлау комиссиясына жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 25 қаңтар

№ 784

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты өкілеттігін тоқтатты.

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982-1984 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы болып жұмыс істеген.

1984-1987 жылдары - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті.

1987-1997 жылдары - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары.

1997-2000 жылдары - Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

2000-2001 жылдары - ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.


2001-2002 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

2002-2005 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2005-2009 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

2009-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы.

«Құрмет» және «Парасат» орденімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен наградталған.

Үйленген, екі баласы бар.