Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоостың түсініктемесіне жүгінсек, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңның 12-бабына сәйкес, аталмыш реестрді жүргізіп отыру құзыреті Орталық сайлау комиссиясына жүктелген. "Қазір комиссия реестрді жүргізу ережелерін жобалады. Онда реестрдің құрылымы мен оны қалыптастыру тетіктері айқындалған",- деді ол.
В.Фоос осы орайда Орталық сайлау комиссиясы реестрді ұстаушыны да айқындай алатынын, оның автоматтандырылған "Сайлау" ақпараттық жүйесінің ажырамас құрамды бөлігі екенін және электронды түрде жүргізілетінін нақтылап өтті.