28 мамырда сағат 13:13-те сайттың әлсіз жерін анықтау мақсатында ОСК-ның интернет ресурсына сканерлеу жүргізілген. Мақсат кибер шабуыл жасау болған. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «ИТО ОСК» РМК-ның директоры Ерлан Қосмұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Азаматтардың ҚР ОСК-ның интернет ресурсына қызығушылық танытқанын атап өткім келеді. Бір аптаның ішінде 21-мамырдан 28 мамырға дейін сайтқа кірушілер 287 199 парақшаны қарады. Алайда 28 мамырда сағат 13:13-те сайттың әлсіз жерін анықтау мақсатында ОСК-ның интернет ресурсына сканерлеу жүргізілген. Мақсат кибер шабуыл жасау және рұқсат етілмеген жолмен аталмыш базаның мәліметтерін алу», - деді ол.
Ерлан Қосмұратовтың айтуынша, бұл заңсыз әрекет дер кезінде анықталған.
«Техникалық орталықтың инженері уақытынды заңсыз әрекетті бұғаттады. Сондай-ақ, ол бұл деректі ақпараттандыру және коммуникация саласындағы өкілетті органга хабарлады», - деп түйіндеді сөзін директор.
Айта кетейік, кеше елімізде ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өткен болатын.