О.Жұмабековтың айтуынша, осындай кездесу ұйымдастыру туралы шешім "шетелдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан Орталық сайлау комиссиясына келіп жатқан көптеген сауалдарға байланысты" қабылданды. "Халықаралық қоғамдастық алдағы сайлауға үлкен қызығушылық танытуда",- деді ол.
Кездесу барысында О.Жұмабеков шетелдік елшілерді 4-желтоқсандағы президенттік сайлауға дайындық барысымен таныстырды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлау процессіне бақылаушы ретінде қатысатын шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерін аккредитациялау шарасы 9-қыркүйекте басталды. "Жеке азаматтарды біз аккредитацияламаймыз",- деді ол.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының хабарлауынша, "сайлау алдындағы науқан барысында митинг және шерулер өткізуден бастап үгіт-насихаттың бәр түрін пайдалануға болады".
i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті