“Ортамызға ақталып, ораларына сенем” - Перизат Қайраттың құрбысы

Осыған байланысты оның құрбысы журналист Маржан Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Перизат ақ, Аққа Құдай жақ. Кім не десе, о десін! Перизатты неше жылдан бері танимын, көп қиын сынақтарға төтеп берген қайсар ару! Анасын да жақсы танимын, қолынан шайын де іштім. Қайырымдылықпен айналысқанын, адал еңбек еткенін, су тасқыны кезінде, Түркияда жер сілкінгенде, тіпті Палестинаға да тәуекел етіп, қаншама сауапты істің басында жүрді. Парақшасында да жазылғандай, әрбір ісіне есеп берді. Өзінің, отбасының жеке бизнестері де бар. Осы жерде бір түсінбестік болды деп ойлаймын. Тексеріс жүргізіліп, Перизатымыз ортамызға ақталып ораларына сенем. Әділдік орнаса екен. Қаршадай қыз болса да, өте патриот, жанашыр. Ел десе ішкен асын жерге қойып, қашан да әрбір істің алдында жүргенін бәріміз білеміз деп ойлаймын. Алла өзі жәрдемші, дұғада болайық! Анамызға Алла сабыр берсін, жаман түс көргендей бәрі тез ұмытылып, Перизатымыз ақталып шығар деп үміттенеміз! Күні бойы осы ақпаратты жібермеген жан қалмаған шығар, төбемнен жай түскендей жаман халдемін. Аллаға тапсырдым”, - деп жазды Маржан Сәдуақасова.