Фейсбуктың Аслан Омаров есімді қолданушысы жариялаған бейнежазбадағы сөздерге қарағанда, бұл оқиға Қырғызстанда болған сияқты. Бірақ көрші елдің дәл қай жері екені туралы желіде ештеңе айтылмайды, деп хабарлайды Caravan.kz. Сонымен қатар, оқиғаның қалай аяқталғаны да көмескілеу болып қалған. Яғни көліктегі адамдардың кейінгі жағдайы желі қолданушылары үшін беймәлім. Тек видеодан өрттің сөндірілгенін байқауға болады.
ЕСКЕРТУ: Бейнежазбаны жүрегі және жүйке жүйесі ауыратын адамдардың көруіне болмайды! Сондай-ақ, мұнда аңдаусыз айтылып кеткен боқауыз сөздер бар!