Өртке оранған Қаламқас кен орнына Энергетика министрлігінің өкілдері аттанды

Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозұмбаев Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазір менің бірінші орынбасарым (Махамбет Досмұхамбетов энергетика вице-министрі) оқиға орында жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, қазір "негізгі шешімдер оқиға орнында қабылданатын болады".


Бозұмбаев газды-сулы қоспаның жанып жатқанынын нақтылады.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі таңда оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен 53 адам жұмыс істеп жатыр.