Өртке қарсы қызметі комитеті әлеуметтік нысандарды тексеру жұмыстарын жалғастыруда ұсынып отыр

"Комитет адамдар жаппай жүретін нысандарды, білім беру, денсаулық сақтау ғимараттарын бақылау қажеттігі жөнінде ұсыныстарын дайындауда ", - деп мәлімдеді С. Дырин.

Ол еске салғанындай, үкімет шағын және орта бизнесті тексеруге моратории жарияланғаннан кейін, 15 ақпаннан бастап барлық өртке қарсы күрес қызметтері шағын және орта бизнестерге тексерудің барлық түрлерін тоқтатты. Осыған орай "ТЖ министрінің бұйрығы негізінде Алматы, Астана қалалары мен облыстық департаменттерге, барлық аймақтық органдарына хабарлама жіберілді ". С. Дыриннің сөздері бойынша, барлық бөлімшелердің инспекторлар құрамымен "мораторий мәселесі бойынша алқа жиналыстары өткізіліп, әрбір инспектор қол қойып, олардан бақылау-тексеру істері тәркіленіп, құжаттарды сақтау жерлері белгіленді". Сондай-ақ, " құқықтық статистика жөнінде комитетінің басқармасы мен Бас прокуратураға бұдан бұрын жеке кәсіпкерлерге тексеру жүргізу жөнінде тіркелген актілерді есептен шығару және тексерулерді жүргізу жөнінде бекітілген жоспарлық жұмыстарын тоқтату жөнінде хат жіберілді".

"Шағын және орта кәсіпкерлікке тексеру жүргізуге мораторий жариялаудың маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерліктерге тиісті бақылау жасалмаса өрт қауіпсіздігінің деңгейі төмен түсіп кететіні хақ. Бұл үлкен көлемде материалдық шығындармен қоса адам шығындарын да тудыруы мүмкін. Сондықтан барлық жеке бизнес нысандарының жетекшілеріне өрт қауіпсіздігін қатаң бақылап, бұдан бұрын мемлекеттік өрт бақылау органдарымен анықталған барлық заң бұзушылықтарды жоюды сұраймын ", - деп мәлімдеді С. Дырин.

Ол айтқанындай, 2007 жылы республикада 19 111 өрт өршіп, 4 млрд 575 млн 447 мың теңгеге шығын келтірілді. От құшағында 602 адам қаза болып, 662 зардап шекті.