Айтуынша 1977 жылғы өрт сөндіру көліктері өртке жете алмай, жетсе қайта алмай қалатын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Өрт сөндіруші сондай-ақ оларға арнайы киімнің де берілмейтінін айтты. Сонымен бірге оның сөзінше өрт сөндірушілер жыл сайын көлік моторы мен құрал-саймандарын өз ақшаларына ауыстырып, шығынға батады екен.
«Міне Қазақстанның қазіргі өрт сөндіру техникалары, 21 ғасыр, 77 жылғы ескі. Әдеттегідей жолда тұрады осылай, өртке жете алмайды, жете алса, қайта алмайды. Машина тоқтап, от ала алмай тұрады. Моторды өрт сөндіру бөлімінің жігіттері жылына бір рет ақша жинап, өздері жөндейді. Бір рет жөндеді, екі рет жөндеді. Үш жылда мына моторды үш рет шашып, үш рет жинады, жүрмейді. Запчастьтың бәрін өз ақшамызға аламыз. Уже «предел». Артынан ізінше жеңіл көлікпен келеміз әдеттегідей, сүйреп, әйтіп-бүйтіп. Форма туралы үндемей-ақ қояйық, оны да өзіміз сатып аламыз. Уже «предел», некуда. Мынамен өртке барғанда ұяласың тіпті, қай жерде дірілдеп, өшіп қалады екен деп? Білмейміз әне, частьтан хабарласып жатыр: «Қайда жүрсіңдер» деп», - деп жанайқайын жеткізді өрт сөндіруші.