Өрттің салдарынан 2 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Оқиға кеше, 6-шы ақпан күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алды. Аталмыш ауданда орналасқан Жұмабаев көшесінің 4 қабатты үйінде 20 шаршы метр аумақ жанып кетті. Осы оқиғаның салдарынан 1945 жылы туылған әйел азамат дене күйігімен ауруханаға жеткізілді. Өртті үйдің көршілері сөндірді.

Тап осы күні Қарағандыда Социалистік, 96 көшесінде жеке тұрғын

үй өртенді. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпып, 44 жасар ер азамат пен 1937 жылғы зейнеткер азаматша дене күйігімен ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өртпен күрес қызметінің 25 адамнан тұратын жеке құрамы мен 5 техника жұмылдырылды.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының, Қызылжар ауданында орналасқан Белое ауылындағы Ленин көшесінде жек тұрғын үй өртеніп, 36 шаршы метр аумақ жанып кетті. Оқиға орнында 36 жасар азаматтың мәйіті табылды. Өрт Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаметінің өртпен күрес қызметінің 13 адамнан құрылған жеке құрамы мен 3 техниканың көмегімен сөндірілді.

Өскеменде 6-шы қаңтар күні Сыбанова көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өртпен күрес қызметінің 13 адамнан тұратын жеке құрамы мен 3 техникасының көмегімен сөндірілді.