«Кездесу барысында Орынборда қазақтың тұңғыш үкіметі, Алаш Орда үкіметінің негізін қалаған қоғамдық-саяси қайраткерлерге арнап Достық саябағын салу мәселесі сөз болды. Бірлескен жобаны Орынбор басшылары мен Астана әкімдігі жүзеге асырмақ», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
З.Тұрысбеков Достық саябағы Қазақстанның бұрынғы және қазіргі елордаларының арасындағы тарихи байланыстың, сабақтастық пен бірліктің символына айналады деп атап өтті.
Өз кезегінде Ю.Мищеряков қала басшылары Достық саябағын салу үшін Орынбордан жер телімін бөлу мәселесін қарастырып жатқанын және мәдени-гуманитарлық жобаның құқықтық жағына қатысты мәселелер де шешіліп жатқанын алға тартты.