"Орынсыз серілік те болуы мүмкін": Қуандық Шәкіржанов әйелінен неге бөлек тұрып жатқанын айтты

Ол отбасына қатысты сырын "Алғашқы" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Әр отбасының жеке ішкі сыры болады. Қазір мен "гастрольде" жүрмін. Солай болу керек болған шығар. Мінезіміз келмей қалды ма? Мамалары келіп сұхбат бере алмай жатса маған өкпесі бар шығар. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Қайта қосылуымызды бір Алла біледі. Қосылмауымыз да мүмкін. Осымен сериал аяқталуы да мүмкін.
Кином бар, тойым бар, достарым бар Қазақстанда көп жүріп тұрамын. Орынсыз серілік те болуы мүмкін. 50-60-тан кейін қайтадан жаңа парақ ашып, жаңадан өмір бастауға болады. Ешқашан да шаршамау керек. 

"Жаңа парақ ашатын адамға ұқсайсыз?" деген журналист сауалына былай деп жауап берді:


"Кім біледі оны? Көрерміз. Терең ойланып, шешімге келген жоқпын. Жұмысбасты болсаң жалғызсырағандық білінбейді. Егер жұмыссыз қалып қалсаң, онда уайым басып жалғыздық сені баурап алуы мүмкін. Бірақ мен ондайға жол бермеймін", - дейді ол.