"Орыс әлемі" қоры Қырғызстанда орыс орталықтарын ашу ісіне кірісті

Жобаға сәйкес, "Орыс орталықтары" ақпараттық-анықтамалық, білім беру және коммуникативтік қызметтер атқаратын болады және өз мүмкіндігін орыс тілі мен орыс мәдениетіне қызығушылық танытқан барша жанға көрсететін болады. Алғашқы орталық 2008 жылдың 7 ақпанында Арменияда Ереван мемлекеттік университетінің негізінде ашылған болатын. Қырғызстан ТМД елдері ішіндегі екінші мемлекет болып кезекке тұрды. Вячеслав Никонов атап көрсеткендей, жалпы алғанда бүкіл дүниежүзі бойынша осы секілді 80 орталық табысты қызмет етуде.