Орыс православиелік шіркеуі Алматы әуежайында христиандар мен мұсылмандарға арнап сиыну бөлмелерін ашуды ұсынады

"Біз бұл мәселені мұсылман бауырларымызбен бірлесе талқылауымыз қажет. Әуежайда ұшу алдында немесе одан кейін мұсылмандар кіріп дұға оқитын , ал оның жанында првославиелік діндарлар үшін де сиыну бөлемі болса жақсы болар еді", - деді Астана және Алматы митрополиті баспасөз мәслихатында.

Митрополиттің айтуынша, бұл мәселе бұрын Алматы әкімі болған Виктор Храпуновпен талқыланған, бірақ ол нәтижеге жетпей қалды. Енді шіркеу осындай ұсыныспен қаланың жаңа басшылығына шықпақшы.