Бұл туралы ол "Матч ТВ"-ға берген сұхбатында айтқан, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен Латвия азаматының төлқұжатын тапсырдым. Менің қазіргі негізгі куәландырушы құжатым - Ресей Федерациясының босқыны туралы күлгін түсті куәлік", - дейді Глухов.
Ресейге көшуінің себебін спортшы өзінің тарихи отанына қайтуымен түсіндіріп, барлық орыстар Ресейде тұру керектігін алға тартқан.
"Ең басты себеп - мен орыспын. Мен үнемі кім не десе де орыстар Ресейде тұруы керек деп айтатынмын. Менің үйім осында деп ойлаймын. Немістер Германияда, қытайлар Қытайда тұрады. Менің ойымша, орыстар Ресейде тұруы керек", - дейді спортшы.
Айта кетейік, Константин Глухов 2002 жылы WPKA ауыр санатындағы (+88,5 кг) кикбоксингтен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.