Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Путин орыс тілі Ресей-Қазақстан достығын нығайтатын маңызды фактор екенін айтты. Ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың дәйексөзін келтірді.
Орыс әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне аударған қазақ халық ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаев айтқандай: "Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі" деген.
Әрине, орыс тілі - біздің ортақ игілігіміз және бәсекелестік артықшылығымыз, бірақ ең бастысы – Ресей - Қазақстан достығын нығайтатын маңызды фактор. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін ризамын. ТМД-да орыс тілі жылы деп жарияланған 2023 жылы Достастық мемлекеттері басшыларының кеңесі осы жылдың 13 қазанында құрылтай шартына және осы құрылымның Жарғысына қол қою туралы шешім қабылдағаны символдық. Бұл біздің халықтарымызды одан әрі жақындастырудың қуатты факторы болатынына сенімдімін.