Орыстың Юрий Шатунов деген шегірткесі өлгенде бейшараланған қазақтар батыры өлгендей жоқтады - Жәнібек Иманмәзір

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Ресейдің ұлты орыс Юрий Шатунов деген шегіртке өлгенде біздің бейшараланған қазақтар әлгі орыс әншісін әлеуметтік желіге таратып, қазақтың батыры өлгендей жоқтап жатыр.
Бірақ Қазақстаннан ұлты қазақ әнші өлсе Ресей орыстары қазақтың шегірткесі үшін қайғырмайды да.
Көрдіңдер ме, қазақ өзге ұлт десе жорғалайтын өте жиіркенішті бейшара халық екен.
Қазақтың бәрі бейшара емес, сол орыс әншісін жоқтағандар бейшара.
Керек десе мен орыс тұрмақ қазақ шегірткелері өлсе де жоқтамаймын.
Кейінгілер тәрбиені ұлттық намысы жоқ далбай бейшаралардан емес, мен сияқты өз ұлтын ғана жоғары қоятын ұлтшыл аға бауырларының жолын қусын.", - деп жазды Жәнібек Иманмәзір.

Желі қолданушылары: "
Ол шегіртке емес,ол жанды дауыста ән айтқан. Жетімдер үйінен шыққан. Ресейден тепкі көріп, Германияға қоныс аударған жетімек. Жазған әндерін продюссері өзінің әні етіп ұрлап иемденіп алған. Сонша жыл соттасып жеңіске жеткенде әрине қастандықпен өлтіріліп отыр. Автормен келіспеймін!", "Өте дұрыс орыстарды қайтесіндер өзімізді қадірлейк.", "Музыкада ұлт болмайды", - деп пікір жазды.