Алайда, халық бұл қаражатқа 100-200 мың теңге қосқан әншілерді жерден алып жерге салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші Шахизада өздерін сынаған желі қолданушыларын өсекшіге теңеп, видео арқылы жауап берді.
”Мен өз басым ешкімде шаруам жоқ, бізде шаруаларыңыз болмасын деп өсекшілерге айтқым келеді. Өнер адамдары бір чатқа 500 адам жиналды. Біреуі миллион, біреуі екі миллион, біреуі мың доллар берді. Өсекшілер, қанша ақша жиналғанын қайдан білесіздер? Ана жақтағы өсекті бір тыңдап, мына жақтан бір тыңдап біздің күнәларымызды мойындарыңызға алып отырсыздар. Димаш 1 миллион доллар берді, сендер 100 мың теңге бердіңдер деп. Димаштың қолынан сол миллион долларды алып, санағандай сөйлеп отырсыздар ғой. Соған менің күлкім келіп жатыр. Мүмкін, миллион доллардан көп берген шығар. Ешкімді салыстырмаңыздар, сіз құдай емессіз”, - дейді әнші.