«Республикамыздың Қырғызстандағы консулдығының хабарлауынша, онда қазақстандықтар жоқ. Жалпы, қаза болғандар да жоқ», - деді ол ҚазТАГ-қа телефон арқылы.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні 12 сағат 48 минутта Ош қаласының әуежайында «Қырғызстан» әуе компаниясының Бішкек-Ош бағытындағы Ту-134 ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ ұшу-қону алаңына түсіп, бір жақ қырына құлаған, лайнердің шассиі мен қанаты сынды. Сондай-ақ, лайнерде өрт шыққан. Оның бортында 69 ересек және 13 бала болған, оның 9-ы – нәрестелер. Апаттың алдын ала себебі – жолдың кқрінбеуі.
Оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Ош әуежайы жабылды.