ОСК ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы 39 бақылаушыны аккредитациялады

"Қазақстанға шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың бақылаушылары келуі жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы 17 шілдеде Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс мәжіліс сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан тағы 39 бақылаушыны аккредитациялады. Жалпы алғанда бұл миссиядан елімізде 57 байқаушы аккредитацияланды",- деді кеше өткен ОСК отырысында комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті