ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі шығып қалған депутаттың орнына ұсынған парламент мәжілісінің депутаттығына кандидатты тіркеді

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2008 жылғы 17 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынған, 1946 жылғы туған, ұлты болгар, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының консультанты болып істейтін, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Болгар мәдени орталығының басшысы, Астана қаласында тұратын, Олег Григорьевич Дымовты тіркеді.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік берілді.