Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында Ресей либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді мемлекет басшылығына үміткерлікке ресми тіркеу туралы қаулы қабылдағанын мәлімдеді. В. Жириновский президенттікке Ресей либералдық-демократиялық партиясының атынан ұсынылған.
Владимир Чуров Жириновскийге куәлікті табыстай тұрып: "Ресейде және одан тыс жерде сайлаудың дұрыс өтуіне кедергі келтіргісі келетін орталықтар бар", - деп атап көрсетті.
"Сайлаудың сәтті өтетінінен үміттенеміз. Сайлаудың дұрыс өтуіне кедергі келтіріп, арандатқысы келген іс-әрекеттерге ешкім де ырық бермейді", - деп мәлімдеді В.Жириновский. Ол партияның тұғырнамасы оның үміткері сайлау кампаниясында өзінің қатысуын сенімді түрде жалғастыруға және қатысудан бас тартқандардың ізімен жүрмеуге негізделгенін атап көрсетті.
В.Жириновский Ресей азаматтары лайықты президентті сайлайтындығына үміт білдірді.