Оскар- 2015: "Үздік фильм" анықталды

Сонымен қатар, А.Г.Иньяриту ең үздік режиссер атанды. Ол түсірген «Бердмэн» фильмі бір кездегі атақ-даңқын қайтаруға күш салатын Голливуд актері жайлы әңгімелейді.

«Ер адамның рөлін үздік сомдағаны үшін» жүлдесін «Вселенная Стивена Хокинга» туындысында басты рөлді сомдаған Стивен Эдди Редмейн, «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесін «Все еще Элис» фильмінде ойнаған Джулианна Мур жеңіп алды.

«Үздік деректі фильм» аталымы бойынша «Оскар» жүлдесін Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден туралы «CITIZENFOUR» деректі фильмі жеңіп алды.

«Оскар» сыйлығы табыс етілген картинаның режиссері Лора Пойтрас Сноуденге ерлігі үшін алғысын білдірді, деп жазады РИА Новости.

Польша режиссері Павел Павликовскийдің «Ида» (Ida) фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша, «Оскар» сыйлығына ие болды,

деп жазады РИА Новости.

Бұл номинация бойынша берілетін сыйлығы «Оскар» АҚШ-тан тыс, диалогтары көбінесе ағылшын тілінде емес түсірілген фильмге беріледі.

Патриция Аркетт «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында АҚШ киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын алды. 

12 жыл бойы түсірілген «Балалық шақ» (Boyhood) фильмінде екі баласы бар жалғызбасты ана - Оливия Эванстың рөлін ол тамаша сомдап шыққан. Осы үшін актриса биылғы маусымның барлық жүлдесін, соның ішінде «Алтын глобусты» да иеленді. Бұл - оның алғашқы «Оскары».

 АҚШ кино академиясының «Үздік актер» аталымы бойынша «Оскар» жүлдесін «The Theory of Everything» фильмінде танымал физик ғалымының рөлін сомдаған британдық Эдди Рэдмэйн алды. . 


 Америкалық киноакадемия «Все еще Элис» фильмінде басты рөлде ойнаған Джулианна Мурды үздік актриса атағына лайық деп тапты, деп хабарлады Би-би-си.

Бұл сыйлық үшін Марион Котийяр («Два дня, одна ночь»), Риз Уизерспун («Дикая»), Розамунд Пайк («Исчезнувшая») және Фелисити Джонс («Вселенная Стивена Хокинга») кандидатуралары қаралған.

«Үздік актер» аталымында «Оскар» сыйлығы «Вселенная Стивена Хокинга» картинасындағы зерттеуші-физик рөлін ойнаған британиялық Эдди Редмэйнге бұйырды.   

Бұл атаққа Редмейнмен Бенедикт Камбербэтч («Игра в имитацию»), Майкл Китон («Бёрдмэн»), Стив Карелл («Охотник на лис») және Брэдли Купер («Американский снайпер») таласқан.

Эдди Редмэйн үшін бұл- «Оскардағы»  бірінші аталымы.  Ал Джулианна Мур үшін бұл «Оскардағы»  бесінші номинация және бірінші жеңіс.