IX "Евразия" кинофестивалінің негізгі конкурсына жақын және алыс елдерден 12 картина іріктеп алынды.
«Біз шамамен 60 картинаны қарастырып, үздік 12 картинаны іріктеп алдық. Біз коммерциялық емес, нағыз фестивальдік кино таңдадық», - деп режиссер, сценариші Ерлан Нұрмұхамбетов бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Конкурстық бағдарламаға " Серік Апырымовтың «Бауыр» фильмі де кірді.
Кинофестивальдің арт-директоры Гүлнара Әбікееваның айтуынша, конкурстан тыс бағдарламардың дәстүрлі көрсетілімі болады.
"Динамикалық қазақ" киносы бағдарламасына 2012-2013 жылдары түсірілген фильмдер кірді.
Биыл іріктеу комиссиясының құрамына кинорежиссерлер Дәріжан Өмірбаев және Ерлан Нұрмұхамбетов, IX "Евразия" кинофестивалінің директоры Серік Жұбандықов, WCF (World Cinema Festival) тең директоры Винченцо Буньо, кинофестиваль арт-директоры - кинотанушы, өнертану саласының докторы Гүлнара Әбікеева кіреді.