Өскемен - Алматы тас жолы жабылды

"Жол бүгін таңертеңгі сағат 7-де айнала көрінбей қалуға байланысты жабылды", -деп хабарлайды департаменттегілер.

Мекеменің хабарлауынша, сондай-ақ, "сағат 6-да Өскемен - Риддер тас жолы да жабылды".

ШҚО гидрометорталығының мәліметінше, "Өскеменде бүгін күндіз қарлы боран, жылдамдығы секуындына 15 метрді құрайтын жел мен 13-15 градустық аяз сақталады".