Бірі бұны арсыздық деп өндірушіні табалап жатса, енді бірі өздері тұратын қала аты жазылған қағазды естелік үшін сатып алуда. Қаптаманың сыртына Өскемен мен Семей ғана емес, Зайсан, Риддер, Зырьян да жазылыпты. Мұндай гигиеналық заттың бір орамы 20 теңге тұрады. Осының арқасында саудасы қыза түскен өндіруші алдағы уақытта әжетхана қағазының сыртына адам аттарын да басып шығаруды жоспарлап отыр.
Айболат Байгелдас, сатушы:
-Мұны көбінесе аудан тұрғындары алып жатыр. Тіпті, ресейліктер де қызығушылық танытып отыр. Бұл өте қызықты бастама болды.
Loading...