Өскемен маңында Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтерілді

3 тұрғын үйді су басып қалу қаупі туындады.

ТЖ хабарлағандай, су басу қаупін жою үшін шлак салынған екі КамАЗ көлігі келіп жетті, ұзындығы 40 метр, биіктігі 60 см ыдыс-қаптан жасалған бөгет жасалды. Оқиға орнында ТЖ және жергілікті атқарушы биліктің шамамен 30 адамы жұмыс істеді.