Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

"Өскемен - Шығыс Қазақстанның жүрегі. Ол еңбеккерлердің қаласы. Шығыс Қазақстан облысының қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Сол себепті қала әкімінің бір басты мақсаты - осы даму қарқынын сақтап оны әріқарай үстемелеу",- деп мәлімдеді В.Храпунов жаңа әкімді қала активіне таныстыру барысында.

Облыс әкімі жаңа басшының алдына қойылатын басты міндеттер ретінде тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыс және жолдарды жөндеуді атады.

М.Сапарғалиев 1963-жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Огневка ауылында туған. Алматы халықшаруашылығы институтын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді. Алматыда мемлекеттік сақтандыру саласында жұмыс істеген. 90-шы жылдарда Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы мемлекеттік сатып алу департаменті директорының бірінші орынбасары болды. 2005-2006-жылдарда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2006-жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі тағайындауға дейін Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті