Өскемен қаласының әкімдігі жарыстарға арналған ресми дәрежесі бар автодром ашу жөніндегі мәселені қарастыруда


Айта кетейік, қалада Өскеменде болатын мерекелік күндері автожарыстар өткізіп, дайындайтын «Формула» әуесқойлық автоклуб бар (директоры Виталий Круглик). Автоклуб қазірде басқа қалалар мен шетелдік спорт өкілдерінің қатысуымен әртүрлі деңгейдегі автожарыстарды жиі-жиі ұйымдастырып отыруға дайын, алайда ол үшін автодром құрылысы қажет. «Формула» клубының әкімшілігі 2006-2007 жылдың өзінде Өскеменнің әкімдігіне автодром ұйымдастыру үшін жер учаскесін беру туралы өтініш білдіргенімен, жауап ала алмаған. Ал жақында Өскемен әкімдігі аппаратының басшысы «Формула» клубының әкімшілігімен автодром ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы кеңес өткізді.