Өскемен қаласының әкімі ауысты

Өскемен қаласының әкімі болып Ерлан Аймұқашев тағайындалды.


Облыс әкімдігінің ақпарат орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа әкімді қала әкімшілігіне аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырды.
46 жастағы Е.Аймұқашев бұған дейін облыс әкімі аппаратына жетекшілік еткен болатын.