Өскемен қаласының әкімі автотасымалдаушылардың бағаны қымбаттату туралы шешімін "ультиматум" деп атады



"Бұл әрекетті мен қалаға ультиматум қою деп бағалаймын. Мұндай көзқараспен келісуге болмайды",- деді А.Быстров.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Шығыс Қазақстан авто тасымалдаушыларының одағы" Қауымдастығы 10-қазаннан бастап қоғамдық көлікпен қатынау бағасы 35 теңгеге дейін арттырылатынн мәлімдеген болатын. Қауымдастық басшылығы бұл шешімді жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен авторезинаның қымбаттауымен байланыстыра түсіндірген.
Ал қалалық билік мұндай әрекеттермен келісе алмайтынын мәлімдеп отыр. "Қала тұрғындарының мүддесі мен құқықтарына қайшы келетін мұндай шараға біз жол бермейміз",- деп мәлімдеді әкім. "Егер авто тасымалдаушылар өзара бірігіп, базардағы монополис ретінде бізге шарт қоямыз деп ойласа, онда қателескені",- деді А.Быстров. "Біз мұндай әрекетке қарсымыз және тендер шарттарын қайта қарауға мүмкіндігіміз бар",- деді ол.
Қалалық әкімшілік автотасымалдаушылар қауымдастығына шешімді өзгертуді ұсынды. Олай болмаған жағдайда тендер шарты қайтадан қаралып, жаңа байқау өткізіледі, деді әкім.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті