Өскемен әкімі Темірбек Қасымжанов қаланың келешегі зор деп біледі.
Ол қала күні қарсаңында әкімдік сайтында жариялаған авторлық мақаласында шаһардың келешегіне қатысты армандарымен білдірген.
Онда Т.Қасымжанов облыс орталығы халқының саны миллионнан асады, қаланың көкжиегі едәуір кеңейіп, «мықты, жайлы үйлер, тамаша жолдар мен дамыған әлеуметтік инфрақұрылымдар қала тұрғындарын тұрақты, лайықты ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз етеді» деген болжам жасайды.
«Арман экология сынды маңызды тақырыпты айналып өте алмайды. Ол ... ар-ожданның есебінен шешіледі!» - дейді әкім.
Оның ойынша, өнеркәсіп орындары басшыларының ұяты оянып, олар қаланың ауасы мен суында тепе-теңдікті сақтайтын сүзгілер қолдануға мүмкіндік беретін технологияларды табады.
Ал, Өскемен тұрғындары тек қазақ және орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын, француз, итальян, араб, қытай, түрік және неміс тілдерінде еркін сөйлейтін болады. Өйткені, шет тілдерін меңгеру мүмкіндігі қолжетімді болады, дейді қиялға шомған Т.Қасымжанов.
Оның айтуынша, қалада цирк, океанариум, планетарий, балалар театры пайда болады, ал Жамбыл атындағы жергілікті драма театры Америка, Австралия, Африка мен Еуропаға гастрольдерге барады.