Ақпаратқа қарағанда, ӨҚҚД жүргізген рейд барысында, өрт сөндірушілер кіреберіс жолдары бетонмен немесе шлагбауммен бекітілген үйлерді анықтаған, олар тұрғындардан кедергілерді алып тастауды талап етті.
"Аталған шлагбаумдер мен бетон қоршаулар өте қауіпті",-деді өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Александр Кнот. "Өрт бола қалған жағдайда мұндай үйлерге жету және құрал сайманды дайындау уақыты ұзарады",-деді ол.
Оның мәліметінше, рейд барысында Өскеменде "20 жуық аула анықталған, олардың кіреберіс жолдары түгелдей жабық". Мұндай үйлерге не өрт сөндірушілер, не жедел жәрдем қызметінің көліктері жақындай алмайды",-деп атап өтті А.Конт.
ӨҚҚД маманы атап өткендей, өрт сөндіру қызметінде жеңіл көліктер емес , "ЗИЛ", "КамАЗ", "Урал" сияқты үлкен машиналар жасақталған. "Бұл автокөліктер жеңіл машиналар секілді жылдам бұрыла алмайды, ал егер маңайында кедергілер болса тіпті мүмкін емес",-дейді А.Конт.
Қалалық жеке пәтер иелері кооперативтері шлагбаумдар мен бетон кедергілерін алып тастауға ешқандай шара қолданып отырған жоқ. "Тұрғындар мұны аулада бөтен көліктердің тұрғанын қаламайтындықтарымен , түн ортасында олардың дауысын естіп, тіпті бүлдіршіндердің өміріне қауіптенетіндерімен түсіндіреді",-деді А.Конт.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті