"Ақпан айында Өскемен қалалық №2 соты азамат Коровниковке қатысты қылмыстық істі қарады. Ол "Конкор" ЖШС жалғыз құрылтайшысы бола отырып, салық төлеуден жалтарған", - деп хабарлайды телеарна.
Телеарна хабарландыруына құлақ салсақ, тағы бір кәсіпкер "УК ПАРРИ" ЖШС басшысы мемлекеттен 8 млн теңгені жасырған. Бизнесменді соттаған. Ақшаны өндіріп алған. Қазіргі уақытта заңға бағынғысы келмеген екі азамат та рақымшылық жасау аясында босап шыққан.
Салықтан жалтаратын тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жасырын төлемдердің көлемі себеп болады. Ол жеке тұлғалар үшін 500 АЕК, заңды тұлғалар үшін 2 мың АЕК болып табылады.