Өскемен титан-магний комбинаты акцияларының мемлекеттік пакетінің 15,5 проценті қаңтар айының аяғында Қазақстан қор биржасында сатылады - ҚР мемлекеттік мүлік комитеті

Қазақстан қор биржасында корпорацияның 21,585 млн. теңгені құрайтын жарғылық қорының 15,5 проценті көлеміндегі мемлекеттік акциялар пакеті сатылады. Акциялар пакеті әрбірінің номиналы 20 теңгені құрайтын 167260 акциядан тұрады. Пакеттің бастапқы құны жарияланған жоқ.

Өскемен титан-магний комбинаты негізінен түсті металлдар мен олара жанама өнімдер шығарып сатумен айналысады.